Лотерея саласындағы 2 жылға жуық үзілістің әсерінен Қазақстан бойынша мыңдаған лотерея билеттерінің таратушылары жұмыс орындарын ауыстырды. Жаңа лотерея операторы "Сәтті Жұлдыздың" пайда болуымен олардың көбісі бұрынғы жұмыстарына, тек жаңа компанияға қайта оралуда. Өздерін "сәттілік сатушылары" деп атайтын таратушылар редакциямызбен оларды неліктен лотерея саласында жұмыс жасауға "тартатындығы" жайлы бөлісті.
Лотерея саласындағы 2 жылға жуық үзілістің әсерінен Қазақстан бойынша мыңдаған лотерея билеттерінің таратушылары жұмыс орындарын ауыстырды. Жаңа лотерея операторы "Сәтті Жұлдыздың" пайда болуымен олардың көбісі бұрынғы жұмыстарына, тек жаңа компанияға қайта оралуда. Өздерін "сәттілік сатушылары" деп атайтын таратушылар редакциямызбен оларды неліктен лотерея саласында жұмыс жасауға "тартатындығы" жайлы бөлісті.
Алматы қаласының тұрғыны Надежда Иванова 5 жылдан астам лотерея билетінің таратушысы болып жұмыс жасайды. Басында оған құрбысы "ТВ Бингода" жұмыс ұсынған. Надежда онда компания жұмысын тоқтатқанша қызмет етіп, үзіліс кезінде басқа компанияға ауысуға мәжбүр болған. Жаңа лотерея операторының таңдалғанын және таратушыларды қабылдауөткізіліп жатқанын білгенде, Надежда бірінші болып өтініш бергендердің қатарында болды. Ал жауабы оны ұзақ күттірген жоқ, оның бұрынғы жұмыс орынындағы тәжірибесін назарға алып, компания Надежданы жаңа жұмысқа қуана қабылдады.
"2 жыл бойы басқа салада адамдармен қарым-қатынассыз жұмыс жасағандықтан, лотерея - маған лайық жұмыс екенін түсіндім. Мен сатып алушылармен араласқанды, жеңімпаздардың эмоциялық толғаныстарын сағындым. Маған әртүрлі де қызықты адамдар келеді. Әркімнің өзіндік тактикасы бар, әркім өзінің ерекше екендігіне сенеді. Жастар үнемі асығыс, олар лездік лотерея сатып алады, жасы үлкен адамдар мен зейнеткерлер тираждық ойындарды жақсы көреді. Менің ойымша, лотерея ойнау адамға бір минутқа болса да ғажайыпқа сенуге мүмкіндік береді. Ал жеңімпаздар туралы тіпті айтудың да қажеті жоқ. Адамдарға ақшалай сыйлықтарды беру – менің сүйікті ісім", - деп бөлісті таратушы.
Қызылорданың тұрғыны Эльвира Мухамедшинаның оқиғасы да өте қызықты. Эльвира өмірінің біраз бөлігі лотереямен тығыз байланысты. Ол бұл салада 2000 жылдан бері жұмыс жасап келеді.
"Маған жұмысымда бәрінен де жеңімпаздардың қуанышын бөліскен ұнайды. Біреудің сәттілігінің бір бөлшегі болып, сенің оған қандай да бір қатысың бар екенін сезінген өте керемет. Лотерея қызметін басқа ешқандай саламен салыстыруға келмейді. Бұл жер үнемі игілікке, үмітке толы, кейде адамдардың көңілі қалатын сәттер де болады, бірақ мен сәтсіздік үшін жүйкесін құртқан адамды көрмедім", - деп баяндайды Эльвира.
"Сәтті Жұлдыз" лотереясы ұлттық сату желісінің Директорының айтуы бойынша, таратушылардың 60 пайызы бұрын лотерея саласында жұмыс жасаған.
"Алайда бұл компаниямызға тек лотерея саласында тәжірибесі бар адамдарды ғана жұмысқа қабылдаймыз деген сөз емес, -дейді ол, - адамның сатып алушылармен тіл табыса алып, өз жұмысына жауапкершілікпен қарағаны маңызды. Бізде өзіндік желі және таратушылар желісі бар. Сату және қызмет көрсету саласында өз бизнесі бар кәсіпкер өтініш беріп, өзінің негізгі қызметімен қоса лотерея билеттерін таратумен айналысуына болады. Бұл жаңа клиенттерді тарту бойынша қосымша құрал болып табылады. Біздің серіктестеріміздің көбісі клиенттер ағымы және сәйкесінше сатылымдардың ұлғайғанын атап өтуде".
Сонымен, Сәтті Жұлдыздың" өзіндік сату желісінің сатушысы болуға болады. Ол үшін szhuldyz.kz мекенжайы бойынша "Ізденушілерге" бөліміндегі жұмыс орнына жауап беру керек. Екінші нұсқа - өз бизнесің бола тұра таратушы болу. Ол үшін оператор сайтындағы "Таратушы болу" бөлімінде өтініш беру қажет.