01 маусым 2020 | 16:21

Сатуға болмайды. Полицей Армениядан келген көліктер туралы айтты

Алматыда армян нөмірімен жүрген автокөліктерді есепке ала бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Әкімшілік полиция басқармасының басшысы полковник Жандос Мұраталиев мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда армян нөмірімен жүрген автокөліктерді есепке ала бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Әкімшілік полиция басқармасының басшысы полковник Жандос Мұраталиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, нөмірі сары көліктің қазақстандық иесі оны басқа адамға рәсімдей алмайды. 

Реклама
Реклама

"Бірақ республикамыздың басқа азаматтары сенімхат немесе сақтандыру бойынша аталған көлік құралын басқаруға құқылы. Алайда ешкім сата алмайды. Бірақ сатып алушы табылып, тіркелген армян көлігін сатқысы келсе, мынаны жасауы тиіс:

- арнайы ХҚКО-ға қайта келіп, армян нөмірі мен техникалық төлқұжатын алады;
- Армения Республикасына барады және онда автокөлікті есептен шығарады;
- Қазақстанға қайта көлікті алып келеді, барлық баж салығын, пайдаға асыру алымдарын төлейді.
Содан кейін ғана бұл көлікті басқа адамға рәсімдеуге болады", - деді Мұратәлиев.

Еске салайық, бүгін Алматыда алғаш рет Армениядан әкелінген көлікке нөмір берілді. Қазақстандықтар 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан әкелінген автокөліктерін есепке қою керек.

Ол үшін үш төлем жасалады: тіркеу үшін - 695 теңге, техникалық төлқұжат үшін баж - 3 мың 473 теңге және мемлекеттік нөмір үшін баж - 7 мың 778 теңге. Төлемнің жалпы сомасы - 11 мың 946 теңге.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная