01 маусым 2020 14:54

Алматыда алғаш рет Армениядан әкелінген көлікке нөмір берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда мамандандырылған ХҚКО-да алғаш рет Армениядан келген көлікке нөмір берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматыда мамандандырылған ХҚКО-да алғаш рет Армениядан келген көлікке нөмір берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан тарихында алғаш болып 47 жастағы алматылық Хосров Гасанов Армениядан әкелінген көлігін ресми тіркеді.

"Мен Hyundai Grand Starex маркалы автокөлігімді 2019 жылдың қараша айында Армения Республикасынан алып келдім. Бүгін келдім де, 15 минутта көлігімді рәсімдедім, мемлекеттік баж салығына 11 946 теңге төледім. Енді заңды негізде еркін жүре аламын", - деді Хосров Гасанов.

Қазақстандықтар 2020 жылдың 1 ақпанына дейін Армениядан әкелінген автокөліктерін тіркеуі керек. 

"Үкімет 1 ақпанға дейін Армениядан біздің азаматтар әкелген автомобильдерді есепке қою туралы шешім қабылдады. Биыл 1 маусымнан 1 қыркүйекке дейін тіркеу керек. Тек сол жақты басқарылатын көліктер тіркеуге жатады.

Үш төлем жасалады: тіркеу үшін - 695 теңге, техникалық төлқұжат үшін баж - 3 мың 473 теңге және мемлекеттік нөмір үшін баж - 7 мың 778 теңге. Төлемнің жалпы сомасы - 11 мың 946 теңге. Қазақстан Республикасына 2020 жылғы 1 ақпаннан кейін әкелінген көлік құралдары тіркеуге жіберілмейді. Сонымен қатар, Армения Республикасының уәкілетті органы берген тіркеу құжаттарында иесі ретінде көрсетілмеген тұлғаларға тіркеу жүзеге асырылмайды", - деп хабарлады Алматы ПД әкімшілік полиция басқармасының басшысы полиция полковнигі Жандос Мұраталиев.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети