14 наурыз 2022 | 14:30

Сатыбалдыұлы Алматы әуежайы аумағында ұсталды - Антикор

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Олжас Бектенов "Қазақтелеком" АҚ-тың бұрынғы басшысы Қайрат Сатыбалдыұлы Алматы әуежайы аумағында ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Олжас Бектенов "Қазақтелеком" АҚ-тың бұрынғы басшысы Қайрат Сатыбалдыұлы Алматы әуежайы аумағында ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз кеше таратқан ақпарат негізінде, сол көлемде ғана айта аламыз, бірақ белсенді тергеу әрекеттері енді басталды, сондықтан күтейік. Ақпарат болған кезде оны міндетті түрде жеткіземіз", - деп жауап берді Бектенов.

БАҚ өкілдері Бектеновтен Қайрат Сатыбалдыұлы шынымен ұшақта ұсталды ма деп сұрады.

"Иә, ол Алматы әуежайы аумағында ұсталды. Бұлтартпау шарасы әлі таңдалған жоқ. Қазіргі уақытта ол қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында сот қандай дәлелдер мен бұлтартпау шарасын анықтайтынын қараймыз", - деп толықтырды сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Қазақтелеком" АҚ-қа қатысты лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану және аса ірі мөлшерде қаржы жымқыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқаны белгілі болды. Қылмыс жасады деген күдікпен Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети