09 қараша 2016 | 12:49

Сауд Арабиясында терроризм бойынша күдікпен ұсталған бес адам Қазақстанға қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Сауд Арабиядағы елшісі Бақыт Батыршаев ҚР СІМ брифингінде биыл Сауд Арабиясында терроризм жасады деген күдікпен жеті қазақстандықтың ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның Сауд Арабиядағы елшісі Бақыт Батыршаев ҚР СІМ брифингінде биыл Сауд Арабиясында терроризм жасады деген күдікпен жеті қазақстандықтың ұсталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елшінің айтуынша, Қазақстанның бес азаматы отанына қайтарылды. Ал қалған бір азаматқа қатысты қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіліп жатыр, тағы біреуі тергеу жұмыстарынын аяқталуын күтеді.

"Ұсталған азаматтар жайлы айтатын болсақ, мен оларды теракт жасауды жоспарлады деп айта алмаймын. Олар терроризм жасады немесе терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Бірақ мен қазір оқиғаның мән-жайын айта алмаймын, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Әзірше олар террористік акт жасамақшы болды деп айтудың қажеті жоқ", - деді Бақыт Батыршаев.

Еске салайық, 2015 жылдың желтоқсан айында Сауд Арабиясының қауіпсіздік органдары Қазақстанның бес азаматын террорлық ұйымдарға қосылуға әрекет жасады деген күдікпен ұстаған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети