Сауд Арабиясындағы мектепке миналанған дрон құлады

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауд Арабиясындағы мектепке миналанған дрон құлады Фото: twitter.com/SPAregions

Сауд Арабиясы Асир провинциясындағы мектепке жарылғыш заттар толтырылған ұшатын аппарат құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауд Арабиясы Асир провинциясындағы мектепке жарылғыш заттар толтырылған ұшатын аппарат құлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап. 

Азаматтық қорғаныс органдарына снарядты "Аңсар Алла" (хуситтер) қозғалысынан йемендік көтерілісшілер ұшырғаны хабарланды. 

Асир ауданындағы Азаматтық қорғаныс басқармасының баспасөз хатшысы капитан Абдуләзиз Әл Гилбанның айтуынша, оқиға орнына құзырлы органдар жеткенде, мектепке құлаған нәрсе миналанған дрон екені белгілі болды. Ешкім зардап шеккен жоқ. 

Ол қазіргі уақытта осындай жағдайларда қажет барлық жедел іс-шаралар жүріп жатқанын айтты.

Йеменде 2014 жылдың тамызынан бастап үкімет пен хуситтер арасында қақтығыс жүріп жатыр. 2015 жылдан бастап Сауд Арабиясы араб және ислам елдерінің әскери альянсын басқарады. Олар Йеменнің қазіргі билігін қолдайды. Хуситтер Йемен мен патшалықтың ішіндегі сауд және йемен күштеріне үнемі ұшқышсыз ұшу аппараттарын, баллистикалық зымырандар мен тұзақ қайықтарын қолдана отырып шабуыл жасап отырады.

Алты жылдан аса уақытқа созылған қақтығыс әлемдегі ең үлкен гуманитарлық дағдарысқа әкелді. БҰҰ мәліметтері бойынша, 2021 жылы Йеменде 2,3 миллион бала аш болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети