Сауда Арабиясының елшілігі қазақстандықтарға не себепті виза беру тоқтатылғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауда Арабиясының елшілігі қазақстандықтарға не себепті виза беру тоқтатылғанын айтты © pixabay.com

Қазақстанның Сауд Арабиядағы елшілігінің өкілдері Туризм министрлігінің қазақстандықтарға виза беруді тоқтату туралы шешімін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Сауд Арабиядағы елшілігінің өкілдері Туризм министрлігінің қазақстандықтарға виза беруді тоқтату туралы шешімін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сауд Арабиясының билігі 27 ақпаннан бастап COVID-19 вирусының таралуын алдын алу мақсатында барлық елдің азаматына виза беруді тоқтату туралы шешім қабылдады. Коронавирус тіркелген елдердің азаматтарына, сондай-ақ, сол елдермен шекаралас мемлекеттердің, олардың қатарында ТМД елдерінің азаматтарына виза беру тоқтатылды", - деп түсіндірді елшіліктегілер.

Еске салайық, мұның алдында коронавирусқа байланысты Мекке мен Мәдина қалаларына кіру уақытша тоқтатылғаны хабарланған болатын. "Сауд Арабиясы корольдігіне және Пайғамбар мешітіне кіру уақытша тоқтатылды", - делінген еді хабарламада.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.12  course down  603.32  course up  6.44  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети