Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі "Қорғас" ШЫХО қашан ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның Сауда және интеграция министрлігі "Қорғас" ШЫХО қашан ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ведомство Tengrinews.kz порталының ресми сауалына "Қорғас" орталығы 2020 жылдан бері жабық тұрғанын хабарлады.
"2020 жылдың қаңтарында Қытайдағы Жаңа жыл мерекесін тойлау кезінде Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара жабылды. Осыған байланысты "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы" экономикалық аймағы арнайы өткелі жабық", - делінген министрлік жауабында.
Осыдан кейін коронавирус пандемиясына байланысты арнайы өткел жабық күйінде қалды. Сауда министрлігі арнайы өткел деп "Қорғас" ШЫХО-ның қазақстандық бөлігінен Қытай бөлігіне және керісінше өтетін жер екенін түсіндірді.
"2020 жылы ақпанда Қытайда коронавирус инфекциясы тез таралуына және 2020 жылдың наурызында Қазақстанда төтенше жағдай енгізілуіне байланысты арнайы өткел жабық күйінде қалды. Осылайша, 2020 жылдан бастап "Қорғас" ШЫХО пандемия салдарынан туристер үшін жабық", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.
2020 жылдың 22 маусымынан бастап бүгінге дейін "Қорғас" ШЫХО-ның қазақстандық бөлігі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін инвестициялық компаниялар мен мердігерлерге құрылыс, монтаждау және басқа жұмыстарды жүргізуге ғана ашық екені айтылған.
Сауда және интеграция министрлігі "Қорғас" ШЫХО қашан толық ашылатынына қатысты жауап берді.
"Бұл күні туристерге арналған "Қорғас" ШЫХО-ның толық ашылу мерзімі Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы шекараның ашылуымен тікелей байланысты. Қашан ашылатыны белгісіз болып отыр", - деп қорытындылады министрліктегілер.