15 тамыз 2023 | 11:45

Сауда орталығында кішкентай қызды тепкен түрік азаматының ісі туралы айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Полицейлер Алматы маңындағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде кішкентай қызды тепкен түрік азаматы ісінің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Полицейлер Алматы маңындағы сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде кішкентай қызды тепкен түрік азаматы ісінің мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы тәртіп сақшыларының айтуынша, күдікті әлі қамауда. Қазір полицейлер тергеуді жалғастырып жатыр, ол аяқталуға жақын. Жақын арада іс сотқа жолданады.

"Қазір Түркия азаматы күдікті деп танылған қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Күдіктіге қатысты "қамау" бұлтартпау шарасы таңдалды.

Жақын арада тергеу аяқталып, қылмыстық істің материалдары мәні бойынша қарау үшін сотқа жолданады", - деді облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Еске салайық, оқиға 23 шілдеда Алматы облысы Қарасай ауданында орналасқан "Aport Mall" сауда орталығында болған. Бұзақының әрекеті бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Кадрда ер адамның әйел мен арбадағы баласын ертіп бара жатқанын көруге болады. Бір кезде кішкентай қыз арбаға жақындайды. Осы кезде ер адам баланы теуіп, арбадағы сәбиді көтеріп жатқаны көрінеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети