Саунада төбелескен шенеунік Павлодарда жаңа қызметке тағайындалды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Нұрлан Садыбеков. © Валерий Бугаев Нұрлан Садыбеков. © Валерий Бугаев

Саунада төбелескен шенеунік Павлодарда жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Саунада төбелескен шенеунік Павлодарда жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Павлодар облыстық әкімдігі баспасөз қызметінің өкілдері Павлодар ауданы әкімінің бұрынғы орынбасары Нұрлан Садыбековтың өңірлік ауылшаруашылық басқармасын басқарғанын мәлімдеді. Жаңа басқармас басшысын бүгін Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов таныстырды. Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, Садыбеков мемлекеттік қызметте он жылдан аса қызмет етіп келеді екен. 

Айта кетейік, Павлодар ауданы әкімінің орынбасары бола отырып, шенеунік даулы істің фигуранты болды. 2016 жылы желтоқсанда Садыбеков Мичурино ауылындағы "Энергетик" демалыс үйінің саунасында әріптестерімен бірге Ауылшарушылығы қызметкері күнін тойлау кезінде төбелескендердің бірі болған. Отырыс барысында ол жергілікті шаруа қожалықтарының бірінің басшысын соққыға жыққан. 2017 жылдың тамыз айында Садыбековке қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Оның орнына шенеунікке ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 1-тарауы "Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру" бабы бойынша 15 АЕК немесе 34 035 теңгеге айыппұл салынды.

2008 жылдан бастап 2014 жылға дейін Нұрлан Садыбеков ҚР Инвестициялар және даму министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің кәсіпкерлікті дамыту стратегиясы басқармасының сарапшысы, еңбек ақы төлеудің бірінші деңгейіндегі сарапшысы, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі кәсіпкерлікті дамыту департаментінің инвестициялық жобалар басқармасының бас сарапшысы болып жұмыс істеді. 2014 жылдан 2015 жылға дейін Ақсу қаласының кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы қызметін атқарды. Жаңа лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар ауданы әкімінің орынбасары болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro