Алматы Білім басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеп-тексеру аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала прокуратурасына сілтеме жасап.
Алматы Білім басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты тергеп-тексеру аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала прокуратурасына сілтеме жасап.
Қала прокуратурасы жетім балалар мен оқушыларға арналған лагерьді ұйымдастыру бойынша жеткізуші компанияны конкурстың жеңімпазы деп танығаны үшін бөлім басшысының 12 миллион теңге көлемінде пара алуға әрекеттену дерегі бойынша қылмыстық істі сотқа жіберді.
"Сондай-ақ, қала прокуратурасының нұсқауы бойынша лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауаптылыққа тарту үшін Алматы қаласының әкімдігіне қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілді", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Конституцияның 77-бабы және Қылмыстық процестік кодекстiң 19-бабына сәйкес әрбiр адам оның қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кiнәсi заңды күшiне енген сот үкiмiмен анықталғанға дейiн кiнәсiз деп есептелетіні айтылды.
Еске салайық, бұған дейін Білім басқармасының Мемлекеттік сатып алу бөлімі басшысы ұсталған болатын. Сол кезде шенеунік жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мегаполис мекемелерінің оқушыларына арналған лагерь ұйымдастыру бойынша қызмет көрсетушіден 12 миллион теңгеден аса сомада 10 пайыз көлемінде пара алмақ болды деген күдікке ілінгені хабарланды. Пара жеткізуші компанияны конкурстың жеңімпазы деп тану үшін арналған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!