Сәуірде бір миллионнан аса адам вакцина салдырады - Цой

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәуірде бір миллионнан аса адам вакцина салдырады - Цой Фото: elements.envato.com

Қазақстанда сәуірде 1 миллионнан аса адамды COVID-19-ға қарсы вакциналау жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда сәуірде 1 миллионнан аса адамды COVID-19-ға қарсы вакциналау жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Республика бойынша халықты КВИ-ге қарсы кезең-кезеңімен вакцинациялау жүріп жатыр. Ақпарат бойынша, бүгінде еліміздің өңірлеріне 145 мың доза вакцина жеткізілді, ал наурыздың соңына дейін қосымша 150 мың доза жеткізу жоспарланды.

"19 наурыздағы жағдай бойынша, 100 мыңнан аса адам егілді, оның ішінде 63 мыңнан астам медицина қызметкері, 22 мың педагог, күш құрылымдарының 7 мың қызметкері, 8 мың - азаматтардың басқа санаттары", - делінген хабарламада.

ДСМ мәліметінше, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің ауыр жағдайлары тіркелген жоқ.

"Бұл ретте егілген адамдардың 1 пайызында күтілетін реакциялар, мысалы, дене температурасы көтерілген тұмауға ұқсас жай-күйлер, жалпы әлсіздік, сондай-ақ вакцина енгізілген жердің ісінуі және қызаруы түріндегі жергілікті көріністер тіркеліп жатыр.

Халықты одан әрі иммундау мақсатында биыл сәуірде 1 миллионнан аса адам вакцина салдырады", - деді Цой.

Осыған байланысты созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған, 65 жастан асқан адамдарды, сондай-ақ азаматтардың басқа да санаттарын қоса алғанда, вакцинациялауға жататын халық топтарын кеңейту көзделіп отыр. Министрлік мәліметінше, вакцинация КВИ-мен күресудегі ең тиімді шара саналады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети