Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден бөледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден бөледі © Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жіберген сурет

Қарағанды облысының әкімдігі Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден және зардап шеккендердің отбасына 500 мың теңгеден бөледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысының әкімдігі Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден және зардап шеккендердің отбасына 500 мың теңгеден бөледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Отбасыларына қаржылай көмек көрсету жайында. Әкімдік қаза тапқан әр адам үшін миллион теңгеден және 500 мың теңге ауруханада жатқан зардап шеккендерге бөледі. Сонымен қатар әкімдік қаза болғандарды жерлеу рәсімін және еске алуды өз мойнына алады", - деді облыстық әкімдіңтің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Сондай-ақ жерлеу рәсіміне және еске алу үшін жұмсалатын қаржыны бюджеттен бөледі. 

Баспасөз қызметінің өкілдерінің айтуынша, заң бойынша, жылжымайтын мүлікке және мүлікке келтірілген залал бойынша арнайы комиссия апаттың қорытынды бағасы бойынша шешім шығарылып, барлық отбасыларға өтемақы төленеді.

Еске салайық, 1 қаңтарда Шахтинск қаласының маңындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Кейінірек олардың есімдері жарияланды. Құтқару операциясына 280 адам жұмылдырылды, олардың қатарында құтқарушылар, полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар, жедел жәрдем бригадалары, 52859 әскери бөлімнің ауыр инженерлік техникалары да бар. 

Қазіргі уақытта үйінділерді тазарту жұмыстары аяқталған, басқа қаза тапқан адам табылмады. Алдын ала болжам бойынша жертөледе орналасқан қазандықтың жарылуы себеп болған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети