Шахтинск әкімі Шахандағы қабырғасы құлаған үйдің тұрғындарына пәтерге қашан орала алатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шахтинск әкімі Шахандағы қабырғасы құлаған үйдің тұрғындарына пәтерге қашан орала алатынын айтты © Тұрар Қазанғапов

Шахан ауылында қабырғасы құлаған үйге модульдік қазандық орнатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарымен кездесу барысында Шахтинск әкімі Сержан Аймақов мәлімдеді.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шахан ауылында қабырғасы құлаған үйге модульдік қазандық орнатылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Мәжіліс депутаттарымен кездесу барысында Шахтинск әкімі Сержан Аймақов мәлімдеді.

"Кеше кешкісін үш подьезд пайдалануға жарамды екені туралы шешім шықты (...). Жөндеуді қажет ететін пәтерлер бар, сондықтан төртінші подъезд бойынша жылытуға арналған қосымша сметаны береді. Жарылған қазандықты сараптамаға алып кеткен. Бұл үйге модульды қазандық қойылады. Мұндай қазандықтар үйден бөлек жерге орнатылады. Қауіпсіз болады. 2-3 күнде орната бастаймыз. Осы демалыс күндері жылу беріліп, адамдарға үйлеріне қайта келуге мүмкіндік туады", - деді әкім мәжілісмендерге. 


Шахтинск әкімі Сержан Аймақов

Сержан Аймақовтың сөзінше, Шаханда 19 көпқабатты үй автономды жылыту жүйесімен жылытылады, олардың ішінде 14 үйдің жертөлесінде қазандық орнатылған. 

"Бұр мәселені жаңа орталықтанған қазандық салу арқылы ғана шешуге болады (...). Бүгінде оның жобалық-сметалық құжаттары дайын. Құны 2 миллиард 800 миллион теңге", - деді Сержан Аймақов.

Сондай-ақ, бүгін төтенше жағдайдан зардап шеккендерге пәтер берілетіні хабарланған еді. Шахан ауылының әкімі Марат Жақыпов зардап шеккендердің демеушілердің есебінен пәтер алуға мүмкіндіктері бар екенін айтты.

Бүгін үйдің қираған бөлігінің демонтажы басталғанын айта кетейік.

Еске сала кетейік, 1 қаңтарда Шахтинск қаласындағы Шахан ауылында кешкі уақытта тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып, 9 адам қаза тапқан болатын. Олардың үшеуі ер адам, үшеуі әйел, тағы үшеуі балалар екен. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді. Ал кейін апаттың алдын ала себебі аталған еді.

Сондай-ақ, осыған дейін Шахан ауылында үйдің құлауынан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден бөлінетіні хабарланған болатын. "Отбасыларына қаржылай көмек көрсету жайында. Әкімдік қаза тапқан әр адам үшін миллион теңгеден және 500 мың теңге ауруханада жатқан зардап шеккендерге бөледі. Сонымен қатар әкімдік қаза болғандарды жерлеу рәсімін және еске алуды өз мойнына алады", - деген еді облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Ал кеше Шахан кентінде төтенше жағдайдан қаза тапқандар жер қойнына тапсырылған болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети