21 маусым 2017 10:29

Саясаттанушы Астана әуежайына неге Назарбаев есімі берілгенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Саясаттанушы Ерлан Қарин Tengrinews.kz тілшісіне Астананың халықаралық әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы Үкімет қаулысына қатысты пікір білдірді.


Саясаттанушы Ерлан Қарин Tengrinews.kz тілшісіне Астананың халықаралық әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы Үкімет қаулысына қатысты пікір білдірді.

"Бұрыннан күтіп отырған, дұрыс әрі орынды шешім. Бұрыннан дейтінім, Астана әуежайының атауын өзгерту ұсынысы 2009 жылы айтылған, шатасып тұрмасам. Сондықтан бұл ой бүгін ғана туып отырған жоқ. 

Әрине, әуежайларға ел дамуына үлкен үлес қосқан атақты адамдардың есімін беру көп таралған практика. Париждегі Шарль-де-Голь әуежайы, Нью-Йорктегі Кеннеди атындағы, Вашингтондағы Рональд Рейган және Ыстамбұлдағы Ататүрік әуежайлары бірден ойға оралады. 

Қазірде көзі тірі адамдардың атымен атау да бар, мәселен, үлкен Джордж Буш атында айлақ бар, Польшадағы Леха Валенса атында да, жақында Португалияда әуежайға Роналдудың атын берді, осылай кете береді. 

Біздің жағдайда мұның орынды болуы Президент көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған "Нұрлы жол" сияқты өте тиімді мемлекеттік бағдарламалардың авторы. Бұл бағдарлама біздің экономиканы ілгерілетеді. Мыңдаған шақырымдық жаңа жолдар, автобандар, жаңа аэровокзалдар, теміржол вокзалдары, терминалдар, соның ішінде Астананың жаңа әуежайы. 

Айта кету керек, Президентіміздің бастамасы бойынша чемпиондарымыздың аты берілген спорт кешендері салынды: Рыпакова, Ильин, Головкин атындағы. Сондықтан Елбасымыздың да Қазақстанның дамуына қосқан үлесін атап өткеніміз орынды. 

Енді Астананың ескі авиациялық коды - TSE де ауысатын шығар", - деп өз ойын білдірді Ерлан Қарин. 

Еске салайық, "Казахстанская правда" газетінде Астананың халықаралық әуежайына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін беру туралы Үкімет қауылысын жарияланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети