30 қазан 2020 | 13:29

Саясаттанушы "Тұран әскерін" құру идеясы туралы пікірін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркия әскері Анкарадағы парадта. © Reuters Түркия әскері Анкарадағы парадта. © Reuters

Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы "Тұран әскерін" құру идеясы туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы "Тұран әскерін" құру идеясы туралы пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жұмабек Сарабековтың айтуынша, "Тұран әскерін" құру идеясының болашағы жоқ. Мұның екі негізгі себебі бар.

"Отто фон Бисмарк айтқандай, "саясат - мүмкіндіктің өнері". Қазіргі заманды ескерсек, "Тұран әскерін" құру мүмкін емес. Біріншіден, біздің елдеріміздің құрлық пен теңіз шекаралары жоқ, сондықтан екі елдің әскери күштері арасында байланыс орнату қиын болады. Оның үстіне, географиялық фактор шешуші рөл атқарады. Екіншіден, екіжақты қатынастардан басқа, Қазақстан мен Түркия - аймақтық әскери одақтардың мүшелері. Түркияда - НАТО, ал Қазақстанда ҰҚШҰ, содан кейін ШЫҰ бар. Сондықтан әркім осы тақырыпта өз аймақтың ұйымының аясында жұмыс істейді. Осыған байланысты "Тұран әскерін" құру оғаш көрінеді", - дейді сарапшы.

Сондықтан, Қазақстан мен Түркия арасында тек тиімді әскери-техникалық ынтымақтастық болуы мүмкін, дейді Сарабеков.

"Дүние жүзінде Түркияның армиясы едәуір қуатты. Әскери қуат деңгейі бойынша НАТО-да түрік армиясы АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр. Сонымен қатар Түркияның әуе күштері мәселесінде біз үшін өте қызық шешімі бар екенін білеміз. Сондықтан әскери-техникалық ынтымақтастық әрдайым күн тәртібінде болған және бола бермек. Бұл тұрғыда екі елде дәстүрлі және дәстүрлі емес сын-қатерлерге қарсы жалпы күрес бар, оның ішінде терроризм және т.б.", - дейді ол.

Саясаттанушының сөзінше, Қазақстан мен Түркия "Тұран әскерін" құру туралы ресми деңгейде талқыламаған.

"Өздеріңіз білетіндей, бұл идея Түркиядағы Türkiye газетінің басылымында айтылды. Бұл ең танымал БАҚ-тың бірі, бірақ ол жерде түрік элитасының бір ғана пікірі айтылған. Алайда, бұл мәселе жоғары деңгейде талқыланбайтынын ескеру қажет", - деді Жұмабек Сарабеков.

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің ресми ұстанымы сарапшының сөзін растайды.

"Тұран әскерін құру туралы сұраққа жауап ретінде біз екі елдің қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі кезінде Қазақстан мен Түркия қарулы күштерін қосып, бірлескен әскери құрылымдар құру мәселелері қарастырылмағанын ресми түрде хабарлаймыз.

Мұндай ұсыныс Қазақстанның қорғаныс ведомствосына келіп түскен жоқ және ол Қазақстан Республикасының халықаралық әскери ынтымақтастығының күн тәртібінде жоқ", - деді Қорғаныс министрлігіндегілер.

Еске салайық, Таулы Қарабақтағы қақтығыс кезінде Түркия Әзербайжанды қолдаған соң, "Тұран әскерін" құру туралы ескі идея күн тәртібіне оралған. Бұл туралы Түркияның Türkiye газетінің мақаласында айтылған.

Басылым түркі халықтарының біртұтас армиясын құру жолындағы маңызды қадам таяуда Түркия ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акардың Қазақстанға сапары кезінде талқыланған Түркия мен Қазақстан арасындағы әскери дайындық және ынтымақтастық туралы келісім екенін атап өткен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети