24 қараша 2016 17:33

Саясаттанушылар депутаттың Астана атауын өзгерту туралы идеясы қайдан шыққанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kub.kz © kub.kz

Қазасқтандық саясаттанушылар Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың Астана атауында Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін көрсету туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазасқтандық саясаттанушылар Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың Астана атауында Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін көрсету туралы ұсынысына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мамандар бірінші кезекте бұл ұсыныстан Елбасына қос мереке қарсаңында - Тұңғыш Президент күні және Тәуелсіздіктің 25 жылдығы - қарсаңында сыйлық жасау ынтасын байқады. 

Саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов депутат Қуаныш Сұлтановтың ұсынысын қолдады.

"Мұндай ұсыныстар мұны қолдайтын қоғамның, халықтың пікіріне сүйеніп айтылады. Мен де бұл идеяны қолдаймын, өйткені Астана - еліміздің нышаны. Мұнда шетелдіктер келгенде, мен оларды қарсы аламын, олар біз үйреніп қалған дүниелерге таңданысын білдіріп жатады. Сосын, жазық далада қала салуды елестетіп көріңіздерші. Оның үстіне бұл қаланы достарға да, туыстарға да көрсетуден ұялмайтындай етіп салынған болса. Сондықтан бұл идеяны жақтаймын. Парламенттегілер де бұл идеяны халық пікіріне сүйеніп айтқан", - деді Ерімбетов.

Өз кезегінде Данияр Әшімбаев ҚР "Мемлекеттік сыйлықтар туралы" заңында сый жасауға Президенттің ғана құзыры барына назар аударды. "Қазір Тәуелсіздік күні аталып жатыр, Перзиденттің еңбегін де есте қалдыру жөн болады. Ұсыныстар аз болғандықтан ескі идеяны еске салды. Соңғы рет 2008 жылы бұл идеяны сол кездегі депутат Сәт Тоқпақбаев айтқан болатын. Президент бұл идеядан бас тартқан еді. Бұл жолы да солай болады деп ойлаймын", - деп есептейді Әшімбаев.

Бұл бастаманы Елбасының қолдамайтынына Астана брендіне жұмсалған үлкен күш пен бұл идея ұсынылған күннен басталған қоғамдағы шулы пікірталастар себеп, дейді саясаттанушылар. 

"Астана атауын өзгертуді барлығы бірдей қолдай қояды дей алмаймын. Президент Назарбаев сыйлығын тағайындау мәселесін қойды, Назарбаев Университеті бар, бірақ, Перзидент есімін Астанаға беру, меніңше, ерекше құлшыныс туғызбайды", - деп өз ойын айтты саясаттанушы. Ол Президент атын есте қалдыру мен алғыс білдірудің басқаша формаларын іздеу керектігін атап өтті.

Сарапшы Эдуард Полетаев Астананың атауын өзгертудегі қаржылық тұсын егжей-тегжейлі қарастырды. Ол бұған кететін шығын мен ел астанасының атын шығаруға жұмсалған қаржыны салыстырды. 

"Астананың атын шығаруға көп қаржы жұмсалды, соның ішінде бірнеше спорттық командалар құру да бар. "Астана" футболшылары Еуропа Лигасында ойнайды. Велокоманда, әуе компаниясы бар. Қала атауын өзгертудің қаржылық жағы да бар. Мысалы, жақында Украинада Днепропетровск қаласының атын Днепр деп өзгертуге қанша қаржы жұмсалатынын есептеп көрді. Алдын ала мәлімет бойынша, кем дегенде 200 миллион доллар, ол жақта біраз заттың арзанырақ екенін де еске алу керек. Ал біздің жағдайда бұл сомма артығырақ болуы мүмкін. Мұнша ақшаны жұмсаудың қаншалықты қажеттілігі бар?", - деген де сауал қойып отыр маман. 

Айта кетейік, Елбасы бұл ұсыныс туралы пікірін айтты. "Мен мұндай болжамды ешкімге айтқан емеспін. (...) Барлық мәселені біз салмақтап, өз ретімен шешеміз", - деді Мемлекет басшысы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети