"Саяси болашағымды қауіпке тіктім". Назарбаев көріпкелдің болжамы жайлы қауесетке жауап берді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында астананы ауыстыру шешімі және өзіне тағылған айыптарға қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында астананы ауыстыру шешімі және өзіне тағылған айыптарға қатысты жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жалпы алғанда әлемде астаналар 140 рет ауыстырылған. Себептер әртүрлі. Джордж Вашингтон елсіз жазықта жаңа астана салғанда, ол да үлкен сынға қалған болатын. Маған да талай сынды естуге тура келді. Бір газетте "Президент Назарбаевтың жеке астанасы" деген тақырыппен мақала да жаряланды. Онда ешқандай да стратегиялық жоспар қыруар қаржыны еңбекақы, зейнетақы төлеу мен басқа да мәселелерді шешуден бұрып алуға болмайтыны жазылған", - деп есіне алды президент.

Оның сөзінше, ол кезде Ақмолада жазда аңызақ жел соғады, ал қыста қар астында қалады, қаланың өзі саздың үстінде тұр деген сөздер көп болған. 

"Иә, боран болады. Бір кездері әуежай тәулік бойына жабылғаны да бар, тікұшақ қона алмағандықтан, Көкшетаудан пойызбен келуіме тура келген. Бірақ туған жердің жаманы бар ма?", - деп атап өтті Назарбаев. 

"Газеттер мен телеарналар Ақмоладағы маса туралы тоқтаусыз көрсетті. Бірақ ондай ешбір материалға мен жүйкемді жұқартқаным жоқ. Уақыт та болмаған еді. Ештеңеге қарамастан, мақсатыма ұмтылдым. Ал еріккен сөздер кейін басылды", - дейді ол. 

Президент басқа жайларды да есіне алды. 

"Кей адамдар Назарбаевқа бір көріпкел 1997 жылы алапат зілзаладан Алматының күлі ғана қалатынын айтқандықтан президент астананы ауыстыру туралы шешім қабылдады дегенге сенеді. Астананы ауыстыру шешімі арқылы мен саясаттағы болашағымды қауіпке тіккенімді тереңірек түсіндім. Бірақ біз іске кірісіп кеткен едік. Ақмолаға күнде барып тұрдым десе де болады. Әуежайдан түсе сала, тура құрылысқа тартатын күндер көп болды", - дейді Назарбаев. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro