Саяси маусым - 2023: Қазақстанда қандай партиялар тіркелген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Саяси маусым - 2023: Қазақстанда қандай партиялар тіркелген

Әділет министрлігі Қазақстанда қандай партиялар ресми тіркелгенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әділет министрлігі Қазақстанда қандай партиялар ресми тіркелгенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 28 қарашада елімізде "Байтақ" қазақстандық Жасылдар партиясы" қоғамдық бірлестігі ресми түрде тіркелді. Партия 24 қыркүйекте Құрылтай съезін өткізіп, Әділет министрлігіне қажетті құжаттарды ұсынды.

Ресми түрде жеті саяси партия тіркелген:

  1. Amanat Партиясы.
    2. "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы.
    3. Қазақстан Халық партиясы.
    4. ​"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы.
    5. Адал саяси партиясы.
    ​6. Жалпыұлттық социал-демократиялық партия.
    7. Қазақстандық "Байтақ" Жасылдар партиясы.

Әділет министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, 2022 жылы мемлекеттік тіркеуге "Халық дербестігі" саяси партиясынан өтініш келіп түскен, құрылтай құжаттарына сараптама жүргізіліп жатыр.

2022 жылдан бастап Әділет министрлігіне 10 бастамашыл топтан партиялар құру туралы хабарламалар келіп түскен, олардың төртеуіне растау берілді, қалғандарына "саяси партиялар туралы" Заңның 8-бабының талаптарын бұзуға байланысты" бас тартылған.

Ведомство Саяси партиялар туралы заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты партиялар құру рәсімі айтарлықтай жеңілдетілгенін атап өтті:

  • азаматтардың бастамашыл тобының ең аз саны 1 мыңнан 700 адамға дейін қысқарды;
  • Құрылтай съезін өткізу мерзімі 2 айдан 3 айға дейін ұзартылды;
  • тіркеу шегі 20 мыңнан 5 мыңға дейін төмендетілді;
  • өңірлік өкілдіктердің ең аз саны 600 ден 200 адамға дейін азайды;
  • партия филиалдарын (өкілдіктерін) қалыптастыру мерзімі 6 айдан 1 жылға дейін ұзартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети