Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Саяси ойындарға тосқауыл қойған жөн - Тоқаев 23 маусым 2022, 16:34

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі түрлі саяси ойындардың жолын кесу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі түрлі саяси ойындардың жолын кесу керегін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстан Президенті тағы бір маңызды мәселе ретінде қазіргі уақытта қоғамда болып жатқан қызу пікірталастар кезінде саяси әділдік мәселесі туралы ұмытпау керек екенін атап өтті.

"Елінің дамуына лайықты үлес қосқан қоғамдық-саяси көшбасшыларын, ғылым және мәдениет қайраткерлерін қадір тұтпайтын халықтың келешегі де бұлыңғыр болмақ. Біз, қазақ халқы, саяси тұлғаларымыздың еңбегіне құрметпен, парасаттылықпен қарауымыз қажет. Бұл – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұлғасына да қатысты ақиқат. Оның Тәуелсіз елімізді құру ісіне сіңірген еңбегін бүкіл әлем қауымдастығы мойындады. Сондықтан Тұңғыш Президенттің тарихи рөліне құрметпен қарау – бәрімізге ортақ міндет. Оның саяси мұрасына келешек ұрпақ әділетті бағасын бермек," – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі ұрпақ өкілдері еліміз үшін табанды жұмыс істеуі керек екенін айтты.

"Біз бәріміз халық ретінде, ең алдымен, еңбекқор болуымыз қажет. Саяси ойындарға тосқауыл қойған жөн. Біз өткенге жалтақтамай, жарқын болашағымызға зор сеніммен қадам басуымыз керек", - деді ол.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, полицияның ұстанымын өзгертіп, жұмыстың жаңа үлгісіне көшуді басты міндет ретінде атады. Оның пікірінше, халқымыздың бейбіт өмір сүріп, өз елінің болашағына сеніммен қарауы – полицейлердің адал қызметіне байланысты.

Жиын соңында Мемлекет басшысы саланың бірқатар қызметкеріне мемлекеттік наградалар тапсырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram