“Саяси тұрғыдан салмақтап осындай ұйғарымға келдім“ - Тоқаев бір палаталы Парламент туралы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Саяси тұрғыдан салмақтап осындай ұйғарымға келдім“ - Тоқаев бір палаталы Парламент туралы Фото: parlam.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тікелей сайлау институтын кеңейтіп, жергілікті деңгейде мажоритарлық сайлауды сақтауды ұсынғанын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан тікелей сайлау институтын кеңейтіп, жергілікті деңгейде мажоритарлық сайлауды сақтауды ұсынғанын атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Жолдауда бір палаталы Парламентті пропорционалды сайлау жүйесі арқылы жасақтау қажет екенін ашық айттым. Бір палаталы Парламентті тек партиялық тізім бойынша қалыптастыру партиялардың институционалдық негізін нығайтуға септігін тигізеді. Сайлаушылармен жүйелі жұмыс істеуіне ықпал етеді. Яғни мемлекеттілігімізге пайда әкеледі. Бұл ешқандай кері кету немесе демократиялық қағидаттардан бас тарту емес. Ел қамын ойлап, саяси тұрғыдан салмақтап осындай ұйғарымға келдім.

Аймақтық деңгейде азаматтар билікпен тікелей әрі тұрақты қарым-қатынас жасайды. Сондықтан жергілікті мәслихаттар мен әкімдіктер белсенді жұмыс істеп, елдің мұң-мұқтажын шешуде маңызды рөл атқаратынын көрсетуге тиіс", - деді Президент.

"Соңғы жылдары тікелей сайлау институтын айтарлықтай кеңейттік. Әуелі ауыл әкімдерін сайлауды енгіздік, кейін ол аудан, содан соң облыстық маңызы бар қала басшыларын сайлауға ұласты. Сол себепті Қазақстанда ай сайын түрлі электоралды науқан жүріп жатады. Бұл біздің өңірдегі бірегей саяси тәжірибе саналады".

"Баршамыз осынау істің мақсатқа сай орындалуын бақылап, егер оның жағымсыз салдары болса, шара қабылдау қажет. Реформалар – табиғи үдеріс, мұнда артық консерватизмге орын жоқ.

Жергілікті мәслихаттарды сайлауда мажоритарлық жүйені сақтау керек деп санаймын", - деді Президент.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети