22 қыркүйек 2022 13:23

Сайлау-2022: бюллетеньдерде барлығына қарсы дауыс беру мүмкіндігі болады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

20 қарашада өтетін Қазақстан Президентінің сайлау бюллетеньдерінде "барлығына қарсы" деген баған пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


20 қарашада өтетін Қазақстан Президентінің сайлау бюллетеньдерінде "барлығына қарсы" деген баған пайда болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Барлығына қарсы" бағаны заң бойынша қарастырылған. Әрине, ол болады. Азамат бірде-бір кандидатты таңдамаса, барлығына қарсы дауыс беруге құқылы", - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа бағанды енгізу туралы 21 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында айтқан болатын.

"Сайлау бюллетеньдерінде "барлығына қарсы" деген баған пайда болды", - деп мәлімдеген еді Тоқаев.

Еске салайық, бұған дейін кезектен тыс президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болғаны хабарланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети