10 маусым 2019 11:58

Сайлауда Тоқаев жеңіске жетті - ОСК

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,76 пайыз дауыс жинады. Бұл 6 миллион 504 мың 54 дауыс. Мұны ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров айтты.

Кезектен тыс президент сайлауының алдын ала қорытындысы:

Жамбыл Ахметбеков - 167 249 - 1, 82 пайыз;
Дания Еспаева -  478 153 - 5, 2 пайыз;
Әміржан Қосанов - 1 472 733 - 16,02 пайыз;
Төлеутай Рахымбеков - 294 271 - 3,2 пайыз;
Амангелді Таспихов - 190 304  - 2,07 пайыз;
Касым-Жомарт Тоқаев - 6 504 054 - 70, 76 пайыз;
Сәдібек Түгел - 84 348 - 0, 92 пайыз.

Дауыс беруге сайлаушылардың 77,4 пайызы қатысты.

Кеше, 9 маусымда Қазақстанда Президент сайлауы өткен болатын. Кейінірек "Қоғамдық пікір" институты exit poll нәтижесін жариялаған еді. Exit poll мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев 70,13 пайыз дауыс жинады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети