Сайлаушылардың 90 пайызына жуығы Қазақстан президентіне дауыс беріп үлгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Орталық сайлау комиссиясында отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне дауыс берушілердің келуі туралы баяндама екі сағат сайын жасалып отыр.
Сайлаушылардың 90 пайызына жуығы Қазақстан президентіне дауыс беріп үлгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ОСК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Орталық сайлау комиссиясында отандық және шетелдік БАҚ өкілдеріне дауыс берушілердің келуі туралы баяндама екі сағат сайын жасалып отыр.
"Сайлау учаскелері ұсынған мәліметтерге қарағанда, Астана уақытымен сағат 18.00 бойынша сайлау бюллетеньдерін жалпы дауыс берушілердің 89,69 пайызы дауыс берген", - деді ОСК мүшесі Марат Сәрсембаев.
Өңірлерде сайлауға қатысу бойынша келесідей көрсеткіш ұсынылды: Ақмола облысы - 94,81 пайыз, Ақтөбе облысы - 85,05, Алматы облысы - 91,17, Атырау облысы - 92,96, Шығыс Қазақстан облысы - 93,55, Жамбыл облысы - 92, 97, Батыс Қазақстан облысы - 90,16, Қарағанды облысы - 91,12, Қызылорда облысы - 93,68, Қостанай облысы - 91,27, Маңғыстау облысы - 88,45, Павлодар облысы - 90, 23, Солтүстік Қазақстан облысы - 93, 86, Оңтүстік Қазақстан облысы - 93, 55, Астана - 88,29, Алматы - 73,17.
Айта кетейік, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілінің айтуынша, сайлау комиссиясының немесе мемлекеттік органдардың тарапынан қандай да бір заңбүзушылық тіркелмеді. ОСК брифингінде Нұрдәулет Сүйіндіковтің айтуынша, сайлауалды насихат жұмыстарын жүргізу кезінде кейбір ереже бұзу деректері анықталды, сонымен қатар, қоғамдық пікірдің қорытындылыларын жариялау дерегі болды, оларға ескерту мәндегі шара қолданылды.
Сайлау учаскелері бүгін таңғы 7.00-де ашылды, олар жергілікті уақыт бойынша сағат 20.00-ге дейін істейді. Қазақстанда 9741 сайлау учаскесі ашылды. Күннің екінші жартысында, брифинг кезінде ОСК мүшелері Астана мен Алматыдағы сайлаушылардың өзгелерге қарағанда аз екендігіне түсінік берді.
Айта кетейік, күннің екінші жартысында елордада президенттікке үміткер үш адам дауыс берді: қазіргі Президент Нұрсұлтан Назарбаев, коммунистік партияның атынан шыққан Тұрғын Сыздықов және өзін-өзі ұсынған Әбілғазы Құсайынов. Бұл уақытта Астанада қазақстандық көптеген саясаткерлер дауыс беруге келді.