Сайран көлінде демалушыларға 19,5 мың теңге айыппұл салынып жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сайран көлінде демалушыларға 19,5 мың теңге айыппұл салынып жатыр ktk.kz

Күрделі жаңғырту жұмыстары аяқталмай жатып, айналасын қоқыс басқан Сайранның жағдайы Алматы әкімінің ашуын туғызды. Дархан Сатыбалды жағажайды тазарту үшін мердігерге соңғы рет ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күрделі жаңғырту жұмыстары аяқталмай жатып, айналасын қоқыс басқан Сайранның жағдайы Алматы әкімінің ашуын туғызды. Дархан Сатыбалды жағажайды тазарту үшін мердігерге соңғы рет ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Қала басшысы аппарат кеңесінің отырысында Сайран көлінің санитария жағдайына ерекше назар аударған, құқықбұзушыларға бақылау жүргізіп, қатаң шара қолданбаған басқармаларды қатаң сынға алған. Аудан әкімдеріне қаланың проблемалы учаскелерін қоқыстан тазартып, бітелген арықтарды ретке келтіру тапсырылған.

Жаңғыртылып жатқан Сайранда жұрттың суға түсу маусымы басталып кеткен. Көбі ішкен сусыны мен жеген тамағының қалдықтарын отырған жерінде тастап кетеді. Соның салдарынан жағажайды қоқыс басып, көркі кете бастапты.

Айта кетейік, жасанды көл маусымнан бастап пайдалануға беріледі деп жоспарланғанымен, абаттандыру әлі жалғасып жатыр. Полицейлер кеше көл жағасында рейд ұйымдастырып, тұрғындарға ескерту жасаған.

Алдымен олар түсіндіру жұмыстарын жүргізген, енді жазалай бастапты. Қоқыс тастаған 20 адамға айыппұл салынған. Олар 19,5 мың теңгеден төлейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети