ҚР АКМ өкілдері сайттар мен әлеуметтік желілердің неліктен дұрыс істемей тұрғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР АКМ өкілдері сайттар мен әлеуметтік желілердің неліктен дұрыс істемей тұрғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қолданушылар әлеуметтік желілер мен месенджерлер Facebook және Whatsapp, сонымен қатар ақпараттық сайттардың бөгеліп жұмыс жасауына шағымданған.
"Ақпараттық сайттардың бөгеліп жұмыс жасауы бұл адамдардың көп мөлшерде аталған сайттарға кіруінен олардың серверлерінің техникалық күші жетпеуде. Ешқандай бұғаттау министірлік (Ақпарат және коммуникация) тарапынан болған жоқ", - деп хабарлады ҚР Ақпарат және коммуникация министірлігінің баспасөз қызметінің ресми өкілі Әрсен Бектасов.
Ол ведомствоға қазақстандық телеарналардың жұмыс жасамауына байланысты көптеген шағымдар түскенін айтты. Бектасов бүгін телеарналарда профилактикалық жұмыстар жасалатын күн екенін айтты. "Телеарналардың жұмыс жасамау себебі, бүгін профилактикалық және техникалық жұмыстар сағат 17.00-ге дейін жүргізіледі", - деді министірліктің реми өкілі.
Айта кетейік, Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД жасалған шабуыл жасалды, қазіргі уақытта Алматыда "Жедел ұстау" арнайы жоспары жарияланды. Полиция қызметкерлері арасында қаза тапқандар бар. Шабуыл жасағандардың біреуі ұсталды, біреуі - іздеуде", - делінген Алматы ІІД таратқан ақпаратта. Жансақтау бөлімінде 7 полицей жатыр. Алматыда террорлық қауіптің "қызыл деңгейі" жарияланған.