Сібір жарасы: Қазақстанда екі ауыл карантинге жабылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сібір жарасы: Қазақстанда екі ауыл карантинге жабылды Фото:depositphotos.com

Ақмола облысы Атбасар ауданында екі ауыл сібір жарасы кеселіне байланысты карантинге жабылды. Бұл ақпаратты ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысы Атбасар ауданында екі ауыл сібір жарасы кеселіне байланысты карантинге жабылды. Бұл ақпаратты ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

Маусымның аяғында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Атбасар ауданында бірнеше адамның сібір жарасын жұқтырғанын мәлімдеген болатын. Ол кезде төрт жағдай тіркеліп, науқастардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланған. Министр олардың қажетті медициналық көмек алып жатқанын, эпидемияға қарсы шаралар жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.

Сол кезде Әлназарова бұл ауданға карантин енгізілмейтінін айтқан.

Ауру жұқтырғандар саны артты

Бүгінде Атбасарда карантин енгізілгені белгілі болды. Айдарбек Сапаровтың айтуынша, сібір жарасы анықталған ауылдарда алдымен шектеу шаралары қабылданған. 19 адамнан сынама алынған: олардың жетеуінде сібір жарасы расталып, қалған 12-сінде - теріс нәтиже көрсеткен.

"Мал мен адамдардың қозғалысына тыйым салынды - ол жаққа кіруге рұқсат жоқ. Біз шлагбаум орнаттық. Республикалық противоэпизоотикалық жасақ дезинфекция, өңдеу, залалсыздандыру жұмыстарын жүргізді. Лаборатория қорытындысын алғаннан кейін 1 шілдеде бірден карантин енгіздік", - деді Сапаров Үкіметтегі брифингте.

Оның айтуынша, ауылдардағы карантин 15 күнге созылады. Осыдан кейін жаңа сынамалар алынып, сібір жарасы расталмаса - карантиндік шектеулер алынады.

Сібір жарасы - Bacillus anthracis бактериясынан туындайтын, ауыл шаруашылығы және жабайы жануарлардың барлық түрне, сондай-ақ адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети