SCAT әуе компаниясы қызметкерлері аттестациядан өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

SCAT әуе компаниясы қызметкерлері аттестациядан өтеді ©РИА Новости

SCAT әуе компаниясының лауазымды тұлғалары аттестациялық комиссияға жіберілді, тексеріс кезінде олардың қызметтеріне сәйкес келмеуі анықталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуе тасымалдаушы өкілі Бақыт Дауымбаевқа сілтеме жасап. Еске салайық, қазір әуе компаниясын ҚР Көлік және коммуникация министрлігі тексеріп жатыр. Оған 7 сәуірде осы компания ұшағының Астана әуежайына апатты жағдайда қонуы себеп болды.

Көлік және коммуникация министрлігінің комиссиясы тексеруге 8 сәуірде кірісті. "21 сәуірдегі мәлімет бойынша министрік өкілдері компанияның материалдық-техникалық базасы мен әуе көліктерінің техникалық жағдайын тексерді", - дейді әуе компаниясының өкілі Дауымбаев. Оның айтуынша, комиссия мүшелері кейбір сәйкессіздіктерді анықтады, бірақ олар ұшу қауіпсіздігіне әсер етпейді және Азаматтық авиация комитетімен келісілген мерзімде жойылуы тиіс.

Дауымбаев SCAT-тың бұл жұмыстарға кіріскенін айтты. Тексеріс нәтижесі бойынша компания өзіндік қызметтік тексеру жүргізеді. Еске салайық, Астана әуежайында болған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалған еді. "Темiржол, әуе немесе су көлiгi қозғалысы мен оларды пайдалану қауiпсiздiгiнiң ережелерiн бұзғаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 295-бабы, 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп, себептері айқындалуда", - деп хабарлаған болатын Астана қаласы әуе көлігі прокуроры Нұрлан Ахметбаев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети