SCAT компаниясы әуе апаты құрбандарына ескерткіш орнатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

SCAT компаниясы әуе апаты құрбандарына ескерткіш орнатты ©tengrinews.kz

SCAT компаниясы Алматы облысында болған әуе апаты құрбандарына арнап еске алу мемориалын орнатты деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сегіз күннен соң CRJ-200 ұшағының апатқа ұшырағанына бір жыл толады. Апаттан 21 адам қаза тапқан еді. Алматы облысы Талғар ауданы жер комитеті жетекшісі Қайрат Алтынбекұлының айтуынша, ескерткішті орнату үшін 16 шаршы метр аумақ бөлінген. "Ескерткіш ұшақ құлаған жердің Құлжа күрежолына жақын тұсында. Бұл учаске көлікпен баруға қолайлы болу үшін әдейі таңдалды. Жер SCAT әуе компаниясына қайтарымсыз, әрі тұрақты пайдалануға берілді", - деп түсінік берді Қ.Алтынбекұлы. Сонымен бірге, Алматы облысы әкімдігі өкілдері еске алу мемориалының ескерткіштердің мемлекеттік реестріне енуі мүмкін екенін айтты. Еске салайық, ірі әуе апаты 2013 жылдың 29 қаңтарында болды. SCAT-қа тиесілі CRJ-200 қонуға таяғанда құлап түсті. Борт Көкшетау - Алматы рейсін орындаған болатын, апат салдарынан экипажды қосқанда 21 адам қайтыс болды. Болжам бойынша төтенше оқиғаның себебі қолайсыз ауа райы деп шамаланды. Мемлекетаралық авиация комитеті ірі әуе көлігінің апатқа ұшырауына қатысты ресми мәліметті әзірше жария ете қойған жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети