27 ақпан 2017 | 12:35

SCAT өкілдері ұшақта құлаққаппен отырған жолаушының неліктен рейстен түсірілгенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© trud.ru © trud.ru

SCAT әуе компаниясындағылар Қостанай-Алматы рейсінде жолаушымен болған оқиғаға қатысты түсінік берді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

SCAT әуе компаниясындағылар Қостанай-Алматы рейсінде жолаушымен болған оқиғаға қатысты түсінік берді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әуе компаниясындағылардың мәліметінше, бұл оқиға 24 ақпанда Қостанай-Алматы  DV 730 рейсінде ұшақ ұшуға дайындалып жатқан кезде болған. Олардың айтуынша, ұшақты дайындау кезінде және бортсеріктердің ұшу алдындағы дайындығы кезінде жолаушылардың бірі аудио-құлаққаптарды шешуден және электрондық құрылғыны өшіруден бас тартқан.

"Осыған байланысты бортсеріктер жолаушыға мұның бірінші кезектt қауіпсіздік үшін екенін және экипаждың талабын орындау қажет екенін түсіндірген. Жолаушының бұл әрекеті ҚР әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы заңнамасын бұзу және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге кедергі жасау болып саналады. Нәтижесінде ұшақ командирі жолаушыны борттан шығару туралы және онсыз рейсті орындау туралы шешім қабылдады", - деді әуе компаниясындағылар.

Сондай-ақ, әуе компаниясындағылар жолаушы рейстен түсірілген кезде ұшақтың ауада болмағанын, тек ұшуға дайындалып жатқанын айтып өтті. Осыған байланысты рейс жарты сағатқа кешіккен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети