SCAT президенті әуе апаттарын зерттейтін тәуелсіз орган құруды ұсынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

SCAT президенті әуе апаттарын зерттейтін тәуелсіз орган құруды ұсынады SCAT әуе компаниясының президенті Владимир Денисов. ©Роза Есенқұлова

Қазақстанда әуе апаттарын зерттейтін тәуелсіз орган құрылуы керек, SCAT әуе компаниясының президенті Владимир Денисов осындай пікір білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қаңтардың 29-ы күні Алматы түбінде CRJ-200 ұшағының апатқа ұшырағанына бір жыл толатынын айта кетейік. Қайғылы оқиға 21 адамның өмірін қиып кеткен болатын. "Елімізге әуе апаттары мен әуедегі төтенше оқиғаларды зерттеу жөніндегі тәуелсіз орган аса қажет. Бұл - Азаматтық авиация халықаралық ұйымы - ICAO-ның талабы. Мемлекет мұндай органды төтенше оқиғалардың себебін анықтау мен алдын алу мақсатында құруы керек. Бұл бағытта қандай да бір қадамдар жасалғанымен, заң жүзінде әлі ештеңе жоқ", - дейді Денисов. Қазіргі уақытта өткен жылы SCAT әуе компаниясы ұшағының апатқа ұшырау себебін Ресейдегі Мемлекетаралық авиация комитетінің мамандары зерттеп жатыр. Әзірше зерттеу қорытындысы жария болған жоқ. Денисовтың сөзіне қарағанда, оқиға себебін зерттеуге SCAT өкілдері қатыстырылмаған. "Мен Қазақстанның басқа да азаматтары сияқты қарапайым тұрғынмын. Сол себепті сабырлық танытып, Мемлекетаралық авиация комитетінің ресми жауабын күту қажет", - дейді ол. Еске сала кетейік, Алматы түбіндегі апат 2013 жылдың 29 қаңтарында болды. Көкшетаудан шыққан жолаушылар ұшағы қонуға таяған кезде құлаған еді. Жерге соғылған әуе көлігіндегі 21 адамның ешқайсысы аман қалмады. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін деген жорамал айтылды. Жуырда SCAT компаниясы апат құрбандарына ескерткіш орнатты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети