03 шілде 2014 | 12:34

SCAT Түркияда қалып қойған қазақстандықтарды елге әкелді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Aeroport.kz ©Aeroport.kz

SCAT Түркияда қалған қазақстандық туристердің мәселесін шешті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуе компаниясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

SCAT Түркияда қалған қазақстандық туристердің мәселесін шешті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әуе компаниясы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

SCAT әуе компаниясы Отанына қайту мүмкіндігінен айырылған Қазақстан азаматтарының жағдайын түсініп, Түркиядағы туристердің бастамашыл тобының чартерлік рейстер ұйымдастыру туралы өтінішін ескере отырып, жеке тұлғалардың арызы бойынша, сондай-ақ компанияның әлеуметтік жауапкершілігі мен ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің ұсынысы негізінде Бодрум - Алматы бағытында VSV 5042 рейсін ұйымдастыруға шешім қабылдады", - делінген әуе компаниясының хабарламасында.

"Бодрумнан жергілікті уақыт 02.30-да 196 турист ұшып шығып, Алматыға 3 шілде күні сағат 10.30-да келді. "Гульнар Турдың" кейбір клиенттері туроператормен жасалған келісімдердің шарты бойынша Қазақстанның жекелеген аймақтарына жеткізілуі тиіс болды. Жолаушылардың шетелден ұшып келуіне көмек көрсете отырып, біз туроператор клиенттері алдындағы ел ішінде ұшу-тасымалдау логистикасы мәселелері жөніндегі өз міндеттемелерін орындайды деп үміттенеміз. SCAT әуе компаниясы бұл рейсті алдын ала төлемсіз, "Гульнар Турдан" алынған жазбаша кепілдеме негізінде ғана орындады", - дейді әуе компаниясы өкілдері.

Еске сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын туроператор мен әуетасымалдаушы арасындағы түсініспеушіліктің салдарынан қазақстандық жүздеген турист Түркиядан елге қайта алмай қалған болатын. Демалыс маусымы басталғалы бері мұндай жағдайлар тым көбейіп кетті. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети