Щучинск дәмханасындағы жарылыс: зардап шеккен тағы екі адам қайтыс болды

Айнұр Қапышова
Айнұр Қапышова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Щучинск дәмханасындағы жарылыс: зардап шеккен тағы екі адам қайтыс болды Видеодан алынған кадр

Щучинскідегі "Центр плова" кафесінде жарылыс кезінде зардап шеккен тағы екі адам ауруханада қайтыс болды. Қайғылы оқиға салдарынан қаза болғандар саны тоғыз адамға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Щучинскідегі "Центр плова" кафесінде жарылыс кезінде зардап шеккен тағы екі адам ауруханада қайтыс болды. Қайғылы оқиға салдарынан қаза болғандар саны тоғыз адамға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің қайтыс болғанын хабарлады.

"Щучинскідегі стационарда ең ауыр жағдайда болған екі пациент барлық шара жасалғанына қарамастан көз жұмды. Қаза болғандар саны тоғыз адамға жетті", - делінген Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.

Еске салсақ, Щучинскідегі жарылыстан 28 адам зардап шегіп, 7 адам қаза тапқан: 5-еуі оқиға орнында, 2-еуі ауруханада, бес адам санавиациямен Астанаға жеткізілді.

"2 наурыздағы жағдай бойынша "Авиценна-Бурабай" стационарында төрт пациент қалған, тағы төрт адам - Ақмола облыстық ауруханасының реанимация бөлімінде. Аймақ дәрігерлері әр пациенттің өмірін сақтап қалуға бары күшін салып жатыр", - деп хабарлады облыстық Денсаулық сақтау басқармасы.

Бұған дейін "Центр плова" кафесінің иесі ұсталғаны белгілі болды. Прокуратура дерегінше, қылмыстық іс ҚК 292-бабының 3-бөлімі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қозғалған.

Щучинскідегі жарылыс

Еске салсақ, 26 ақпанда кешке Щучинскідегі "Центр плова" дәмханасында жарылыс болып, өрт шықты.

Оқиға салдарынан жеті адам қаза тапты: бесеуі - оқиға орнында, тағы екеуі - реанимацияда. Қаза болғандар арасында 16 жасар қыз бар. Қаза тапқан алты адам кафе қызметкерлері болған. 26 адам жараланды, олардың көпшілігі әртүрлі дәрежеде күйік алған.

Бурабай ауданының әкімі Арай Садықов қаза болғандардың отбасыларына екі миллион теңге біржолғы материалдық көмек берілетінін, зардап шеккендерге бір миллион теңгеден төленетінін айтты.

Оның сөзінше, әкімдік жерлеу рәсімін ұйымдастыруды өз мойнына алған. Қаралы жиынға келген туыстарына тұрғын үй мен қолдау көрсетілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 498.52  course down  579.71  course down  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети