04 мамыр 2019 17:30

"Щучинск-Зеренді" автожолын қайта жаңарту жұмыстары биыл аяқталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© miid.gov.kz © miid.gov.kz

"Щучинск-Зеренді" автожолын қайта жаңарту жұмыстары 2019 жылы аяқталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Щучинск-Зеренді" автожолын қайта жаңарту жұмыстары 2019 жылы аяқталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министрліктегілердің мәліметінше, жалпы ұзындығы 80 шақырым болатын автожолға қайта жөндеу жұмыстарын "Казахдорстрой" ЖШС жүргізіп жатыр. Бас мердігер жобаға сәйкес жол бойына 63 су өткізу құбырын, екі демалыс алаңын,4 автобус павильонын, 15 шақырым қар ұстайтын қоршаулар мен 14шақырым тосқауыл қоршауларын орнатуы тиіс. Сонымен қатар, Зеренді кентіндегі бағдаршам қиылыстарын және М.Ғабдуллин, Серафимовка ауылдарының жанынан өтетін автожолдың бойын жарықтандыруы керек. Осы жоба аясында Зеренді кентіндегі ДЭУ-73 (жолға қызмет көрсету кешені) және Щучинск қаласындағы ДЭУ-5 қайта құру қарастырылған.

Қайта жаңарту жұмыстары аясында "Щучинск-Зеренді" бағытындағы жол II-ші және III-ші техникалық санаттағы асфальт-бетонды екі жолақты автожол болады.

"2019 жылы жолшылар көлік жолының 16 шақырымына төменгі қабатына асфальт-бетон, 32,4 шақырымына жоғарғы қабатына ұсақ түйіршікті асфальт-бетон төсеу жұмыстарын жүргізеді. Қазіргі таңда жол-құрылыс материалдары толық көлемде дайын. Бүгінде жер төсемдерін кептіру, жол жиектерін айналма жолға сәйкес келтіріп және айналма жолды салу үшін тасқын суларды бұру бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Жобаны 2019 жылы толық аяқтау жоспарланған", - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети