"Себебі әлі белгісіз". Экология министріне Маңғыстаудағы қоқиқаздардың қырылуына қатысты сұрақ қойылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Себебі әлі белгісіз". Экология министріне Маңғыстаудағы қоқиқаздардың қырылуына қатысты сұрақ қойылды Видеодан алынған кадр

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Маңғыстау облысындағы қоқиқаздардың қырылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Маңғыстау облысындағы қоқиқаздардың қырылуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Шынымен де, кеше әлеуметтік желілерде өліп жатқан бес қоқиқазды кішкентай бала түсірген видео тарады. Облыстық аумақтық инспекция бұл балаға хабарласты. Негізі, түсірілім 10 күн бұрын болған. Құстардың неден қырылғанын анықтау үшін осы түсірілім жүргізілген жерге барып анықтап, сынама жүргізу қажет. Сынақ нәтижелері бойынша бұл құстардың өлу себебі анықталады", - деді Брекешев.

Министрге қоқиқаздардың өзі өлді ме, әлде біреу өлтірді ме деген сұрақ қойылды.

"Енді ондай ақпаратты әзірше білмеймін, маған айтылған жоқ. Бұл оқиға қала ішінде емес, ауданда болған. Біздің инспекторлар кеше кешке бұл жерге баруы керек еді. Нақты ақпарат болғанда бұл мәселе бойынша ресми баспасөз мәлімдемесін береміз", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети