Шекарадан заңсыз оқ алып өтпекші болғандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шекарадан заңсыз оқ алып өтпекші болғандар ұсталды © kr.oblast.online

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі баспасөз қызметінің өкілдері бірнеше шекаралық өткізу бекетінде болған заңсыз әрекеттерді жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі баспасөз қызметінің өкілдері бірнеше шекаралық өткізу бекетінде болған заңсыз әрекеттерді жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Павлодар шекаралық жасағының учаскесінде "Үрлітөбе" өткізу бекетінде травматикалық қаруға 9 калибрлі 12 оқты алып өтпек болған азамат анықталып, ұсталған. Қордай шекара жасағының учаскесінде "Қарасу" өткізу пунктінде Geco-9 mm PABLANC маркалы травматикалық тапаншаның 9 калибрлі 8 оғын анықтап, заңсыз әрекетке шектеу қойылды. 

Сондай-ақ, Бейнеу шекарашылары "Нүкіс-Бейнеу" бағытындағы № 647 теміржол құрамын тексеріп қарау кезінде Өзбекстан Республикасының 42 жастағы азаматынан қол жүгінде жүзінің ұзындығы 25 және 15 сантиметр 2 дана қолдан жасалған пышақтар табылды.

Заттай айғақтар полицияға акт бойынша тапсырылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети