Шекарашы "Қордай" шекаралық бақылау-өткізу пунктіндегі жағдайды айтып берді

?азіргі уа?ытта "?ордай" шекаралы? ба?ылау-?ткізу пунктінде жолаушыларды ?ткізуге ?атысты шектеулер жо?. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне ?аза?станды? тарапта?ы кезекші шекарашы айтты.

Қазіргі уақытта "Қордай" шекаралық бақылау-өткізу пунктінде жолаушыларды өткізуге қатысты шектеулер жоқ. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандық тараптағы кезекші шекарашы айтты.

"Шекара қызметі күшейтілген режимге өтті, бірақ жұмыс істеп тұр. Көліктер өтіп жатыр. Кезек тек таңғы уақытта болады, ал қазір барлығы дұрыс", - деді кезекші.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның шекара қызметінің де Қырғызстандағы сайлауға байланысты күшейтілген режимге өткенін айтып өтті.

Реклама
Реклама

Осыған дейін Қырғызстанның шекара қызметіндегілер Қазақстан шекарасындағы жағдайға қатысты түсінік берген еді. Айта кетейік, кеше кешкі уақыттан бері шекарада көліктер кезекте тұрып қалған болатын. "Қырғыз Республикасында президент сайлауына дайындық және сайлаудың өтуіне байланысты Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі күшейтілген режимге өтті", - деп хабарлаған еді Қырғызстанның шекара қызметіндегілер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама