Сексеуілді дамытуға 20 млрд теңге инвестиция салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сексеуілді дамытуға 20 млрд теңге инвестиция салынады Сексеуіл. ©indostan.ru

«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ Қызылорда облысы аумағында орналасқан Сексеуіл кентінің дамуына 20 млрд. теңге инвестиция салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Арал ауданы әкімдігіне сілтеме жасап. Қаржының негізгі бөлігі жаңа темір жол вокзалы ғимараты, 64 қызметтік тұрғын үй, 300 орындық мектеп, 280 орындық балабақша және 3,3 шақырымдық айналма жолын салуға бөлінеді деп жоспарланып отыр. Сондай-ақ, құйылған инвестиция есебінен теміржол мекемелеріне қызмет көрсететін нысандар құрылысы жүргізіледі деп болжанып отыр. Сексеуіл – Арал ауданындағы іргелі елді мекеннің бірі. Онда қазіргі таңда 10 мыңға жуық адам өмір сүреді. Оның іргетасы 20 ғасырдың бас кезінде Түркісіб теміржолының құрылысы жүргізілуіне байланысты қаланған. Қазіргі таңда құрылысы жүріп жатқан «Жезқазған-Бейнеу» теміржолының жалпы ұзындығы 988 шақырымды құрайды.Сол күре жолдың бойында Сексеуіл стансасы басты нысан болып табылады. Жалпы алғанда, жобаға сәйкес аталмыш теміржол бойында жаңадан 13 станса мен 30 разьезд ашу жоспарланған. Соның арқасында 1100 адам жұмыспен қамтылып, бірнеше ондаған әлеуметтік нысандар бой көтеретін болады. Ал ол жоба толықтай іске қосылса, жылына 21 млн. тонна тауар жөнелтуге мүмкіндік тумақ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети