30 шілде 2015 | 08:52

Селден зардап шеккендерге көмектесуім мақтанғаным емес - Қуат Хамитов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуат "Найман" Хамитов. ©Tengrinews.kz Қуат "Найман" Хамитов. ©Tengrinews.kz

ONE Fighting Championship (One FC) тұжырымы бойынша төбелесетін бірінші қазақ жігіті Қуат "Найман" Хамитов Алматыда селден зардап шеккендерге көмектесуі жайлы пікірін бөлісті. Еске салайық, кеше, 29 шілдеде "Жұлдыз" радиостанциясы селге байланысты радио марафон ұйымдастырып, тікелей толқындағы бір күнді "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" тақырыбына арнады. 


Иконка комментария блок соц сети

ONE Fighting Championship (One FC) тұжырымы бойынша төбелесетін бірінші қазақ жігіті Қуат "Найман" Хамитов Алматыда селден зардап шеккендерге көмектесуі жайлы пікірін бөлісті. Еске салайық, кеше, 29 шілдеде "Жұлдыз" радиостанциясы селге байланысты радио марафон ұйымдастырып, тікелей толқындағы бір күнді "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" тақырыбына арнады. 

Радио эфиріне келген Хамитов жүргізушілердің мұндай қайырымды іске баруына ненің себеп болғаны жайлы сұрағына былай деп жауап қатты: "Апат айтып келмейді. Халықтың су тасқынынан зардап шеккенін естіген бойда қатты құлазыдым. Өздеріңіз білесіздер, All Davay тобының Шоқан деген әншісі бар. Ол маған хабарласты. "Жиналып, көмек қолын созайық" дегеннен кейін, мүмкіндігім жетіп тұрса неге көмектеспеске деген ой келді", - деді ол.

Хамитовтың айтуынша, ол бұл ісінің мақтан деп қабылданбағанын қалайды. "Бұл істі бір мақтан үшін, атын шығару үшін жасады дегендер қателеседі. Басымызға сондай қайғы-қасірет түскенде түсінетін шығармыз, мен бала күнімде сондай қиыншылықтарды көріп-білдім және оның не екенін білемін. Бұл әрекетті тіпті жария еткім де келмеді, бірақ достарым көрмеген, білмеген жандар болса осындай игі істердің бар екенін білсе, мүмкін осылайша көмектесуге үлгі болатынын айтты. Желіге шығарғаным да көпке қандай жақсы іс жасағанымды айту үшін емес, ой-саналарында бір сілкіністің, түрткінің пайда болуы үшін ғана еді", - деді Хамитов.

Сонымен қатар, спортшы келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін айтты. Таяудағы кездесуі RAV тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуге таласу жекпе-жегін қыркүйек айында өткізеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта ол OneFC тұжырымындағы келесі кездесуінде қарсыласының анықталуын күтіп жатыр. Ал таяуда жекпе-жекші Тайландқа жаттығуға жүргелі жатыр. "Қазір Алматыдамын. Ораза біткеннен кейін бірден шетелге кету ойымда болған. Енді дайындығымды Тайланда бастағалы жатырмын", - деді Қуат "Найман".

Ережесіз жекпе-жектен бірнеше титулының иегері таяуда Ресейдің Fight Alliance промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырғанын мәлімдеді. Ендігіде ол Ресейдің турнирлерінде өнер көрсетеді екен. Сонымен қатар, ол One FC аралас жекпе-жек ұйымының "Гладиатор" тұжырымында да бақ сынайтынын жеткізді.

Еске сала кетейік, осыған дейін аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, "Найман" деген атпен белгілі Қуат Хамитовтың Алматыда болған селден зардап шеккендер үшін қорға миллион теңге аударғаны хабарланған болатын. "Басына қайғы түскен жерлестерімізге қолдау көрсетуге баршаңызды шақырамыз", - деп жазды Хамитов Instagram желісіндегі парақшасында. 27 жастағы Қуат "Найман" Хамитов Қазақстанда ММА-дің ең тәжірибелі спортшысы. Ол One FC-дің элиталы дивизионында өнер көрсетеді. Ол - әлем чемпионы, Қытайда, Ұлыбритания мен Үндістанда өткен халықаралық турнирлердің жеңімпазы.
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети