24 шілде 2015 | 13:43

Селдің салдарын жоюға мыңдаған ерікті қажет

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Владимир Прокопенко © Владимир Прокопенко

Алматыда мәслихат пен мәжіліс депутаттары, ІІД, ТЖД, "Нұр Отан" партиясының, кәсіпкерлер палатасы мен әкімдік өкілдері қаланың үш ауданында зардап шеккендерге көмек көрсету мәселелесін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда мәслихат пен мәжіліс депутаттары, ІІД, ТЖД, "Нұр Отан" партиясының, кәсіпкерлер палатасы мен әкімдік өкілдері қаланың үш ауданында зардап шеккендерге көмек көрсету мәселелесін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәсіпкерлер палатасының өкілінің айтуынша, қазіргі уақытта көшелер мен үйлерді жылдам тазалап шығуға арнайы инвентарь, күрек, етік қажет, сонымен қатар су соруға арналған техника жетпей жатыр. Мұнымен бірге, барынша жылдам жұмыс істеуге мыңдаған ерікті қажет.

Отырыс барысында қатысушылар қанша инвентарь мен техниканың қажет екенін есептеу үшін қанша үйдің бүлінгені жайлы статистиканы сұрады. Депутаттардың сұрағына "Нұр Отан" партиясының Наурызбай аудандық филиалының төрағасы Самат Тұяқбаев статистиканы келтіре алмады, алайда ол түске дейін қанша үйдің, қанша отбасының көмекке мұқтаж екені жайлы мәліметті дайындауға уәде берді.

Жиналыс кезінде "Нұр Отан" партиясының алматылық филиалының қызметкерлері селден зардап шеккендердің бір күндік жалақыларын бөлу туралы шешім шығарды. Сонымен қатар, кәсіпкерлер палатасы арнайы есепшот ашты, оған кәсіпкерлер көмек жинастырып жатыр. Осыған дейін олардың бір сағат ішінде бір миллион теңге жинағандары жайлы хабарланған боалтын. Сонымен бірге, апат болған аймақтағы Kaspi bank филиалдарында шай ішетін орындар ашылыпты. 

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті. Сел болған аймақтан 900-ге жуық адам эвакуацияланды. Олардың көбі №176 орта мектеп пен Наурызбай аудандық әкімдігіне орналастырылды. Қала басшылығы зардап шеккендерге көмек көрсетуге сөз берді. Селден келген шығынның көлемі оның салдарын жою шараларынан кейін анықталады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети