Шелек ауылындағы аудандық аурухана директоры қызметінен кетті

Шелек ауылында?ы ауданды? аурухана директоры Жа?ып Желеуов ?ызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ?кімі орынбасары Жа?сылы? Омар?а сілтеме жасап. 

Шелек ауылындағы аудандық аурухана директоры Жақып Желеуов қызметінен кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімі орынбасары Жақсылық Омарға сілтеме жасап. 

Жұмыстан шығару туралы бұйрыққа бүгін таңертең қол қойылды. "Шелектегі аудандық аурухананың директоры Желеуов Жақып Нұрдәулетов өз қалауымен жұмыстан шығу туралы арыз жазды. Арызы қанағаттандырылды", - деп хабарлады Жақсылық Омар.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы облысы Шелек ауылында болған төтенше жағдайдан екі сантехник пен медициналық қызметкердің қайтыс болғаны хабарланған еді. Төтенше жағдай дүйсенбіде, 2 шілдеде түстен кейінгі уақытта Орталық аудандық аурухананың маңында болған. Жұмысшылар кәріз құдығын тексеріп жатып, газға тұншығып қалған.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама