03 шілде 2018 09:04

Шелек ауылындағы Орталық аурухана маңында төтенше жағдай: Үш адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Куәгерлер жолдаған видео Куәгерлер жолдаған видео

Алматы облысы Шелек ауылында болған төтенше жағдайдан екі сантехник пен медициналық қызметкер қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Шелек ауылында болған төтенше жағдайдан екі сантехник пен медициналық қызметкер қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдай дүйсенбіде, 2 шілдеде түстен кейінгі уақытта Орталық аудандық аурухананың маңында болған. Жұмысшылар кәріз құдығын тексеріп жатып, газға тұншығып қалған.

"Куәгерлердің айтуынша, бастапқыда құдыққа 1967 жылғы ер адам кіріп, құлап кеткен. Оны құдықтан алып шығу үшін 1969 жылғы ер адам кіріп, есінен танып қалған. Содан екі қызметкердің өмірін сақтап қалу үшін медициналық қызметкерлер құдыққа түскен. Бірақ олар өз бетінше шыға алмағандықтан құтқарушылар шақырылған. Екі сантехник уланып қайтыс болды, ал медициналық қызметкерлер жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр", - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Кейінірек қызметкерлердің бірінің ауруханада көз жұмғаны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети