Семейде әскери басшыға қатысты сот көпшілік алдында өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде әскери басшыға қатысты сот көпшілік алдында өтті © Тengrinews.kz

Семейде әскери басшыға қатысты сот көпшілік алдында өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Семей гарнизоны әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде әскери басшыға қатысты сот көпшілік алдында өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Семей гарнизоны әскери сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семей гарнизонының әскери соты Аягөз гарнизонында орналасқан 10810 әскери бөлімінің клубында әскери қызметкерге қатысты ҚР ҚК 451-бабының 1-бөлігімен қозғалған қылмыстық істі қарады - "Билiктi немесе қызметтiк өкiлеттiктердi асыра пайдалану, яғни бастықтың немесе лауазымды адамның өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiктерiнің шегiнен анық шығатын, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соққан әрекеттер жасауы".

"Іс материалдары бойынша, 2-ші ротаның сержанты жәбірленушіге лауазымы бойынша бастық бола тұра, казарманың ішінде қатардағы жауынгердің бетінен бірнеше рет ұрып, оның денсаулығына жеңіл дәрежедегі дене жарақаттарын келтірген", - делінген хабарламада.

Сот мәжілісінде сотталушы өзіне тағылған айыпты толығымен мойындап, істеген әрекетіне өкініп, жәбірленушіден кешірім сұраған. Әскери сот сотталушыны айыпты деп танып, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде жаза қолданып, жазасын шартты деп есептеп, 1 жылға сынақ мерзімін тағайындады.

"Қылмыстарды болдырмаудың алдын-алу шарасы ретінде, әскери қызметкерлердің арасында  заң бұзушылыққа жол бермеу мақсатында жоғарыда аталған үкім  Аягөз гарнизонының 10810 әскери  бөлімінің клубында барлық жеке құрамның жауынгерлері мен сарбаздарының қатысуымен жарияланды. Үкімді басқа әскери қызметкерлердің алдында жариялау басқа жас жауынгерлер мен сержанттарға сабақ болады", - делінген Семей гарнизоны әскери сотының хабарламасында. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

 
Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети