Семейде такси ақысы арзандайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде такси ақысы арзандайды Фото Tengrinews.kz

1 шілдеден бастап Семейде такси ақысы арзандайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 шілдеден бастап Семейде такси ақысы арзандайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Семейде "Таксомотор паркі" ЖШС екі айлық акция ұйымдастырып отыр. Бүгін мекеме басшылары акцияның басталғанын жариялап, өздерінің тұрақты клиенттері арасында жүлделер ойнатылымын жүргізді.

"Бағаның өсіп бара жатқанына қарап, біз өз қызметіміздің бағаларын төмендетуге және "Әркімге қолжетімді такси" акциясын өткізуге бел будық", - дейді компанияның атқарушы директоры Владимир Халин.

Халин қазір өздерінің парктерінде үш түрлі қызмет бағасы орнатылғандығын атап өтті: 300, 400 және 600 теңге. "Сіз таксиді 181 нмірі арқылы шақыртасыз да, оң немесе сол жағалаулар аумағында 300 теңге төлейсіз, егер сізге бір жағалаудан екіншісіне бару керек болса, онда 400 теңге төлейсіз, ал шалғайдағы аудандарға 600 теңгеден артық төлемейсіз", - деп нақтылай түсті де, атқарушы директор бұл акцияның таксишілердің жалақыларына ешқандай да әсер етпейтіндігін, барлық шығынды кәсіпорын өз мойнына алатындығын өз сөздеріне қосты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети