Семейде той кортежінің жүргізушілеріне айыппұл салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде той кортежінің жүргізушілеріне айыппұл салынды видеодан үзінді

Семейде 7 сәуірде салтанатты шараны тойлау барысында бірнеше жол ережесін бұзған той кортежінің мүшелері табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде 7 сәуірде салтанатты шараны тойлау барысында бірнеше жол ережесін бұзған той кортежінің мүшелері табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қалалық жол-патрульдік полиция қазметкерлері жол ережесін бұзғандарды мемлекеттік тіркеу нөмірі және куәгерлердің көмегіне жүгіне отырып тапқан. Үш адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

"Олардың бірі Toyota Camry маркалы автокөлігінің жүргізушісі ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің екі бабы - "Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу", және "Маневр жасау қағидаларын бұзу" бойынша жауапқа тартылды. Тағы бір Toyota Camry "Көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру" бабы бойынша жауапқа тартылды. ВАЗ 21099 көлігінің жүргізушісі "Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бабы бойынша жауапқа тартылады", - деді Семей ІІБ өкілдері. 

Сонымен қатар, оларға үш пункт бойынша айыппұл салынды - тонировка жабыстыру, артқа қарай жүру және кептеліс жасау. "Жолдың қарсы бетіне өту болмаған. Көлікті бір орнында тұрып дөңгелегін айналдыру заңмен қудаланбайды", - деп түсіндірді полицейлер. 

Полицейлердің мәліметінше, ереже бұзушыларға 35 айлық есептік көрсеткіш (84 175 тенге) көлемінде айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, осыған дейін әлеуметтік желілерде жол ережелерін бұзған той кортежі жүргізушілерінің видеосы тараған еді. Видеодағы кадрлардан кортеж жүргізушілерінің артқы жақпен жүріп келе жатқаны көрінеді. Сондай-ақ, жарияланған видеодан кортеждің бірінің жүргізушілерінің тағы бір ереже бұзушылық жасап, нәтижесінде көліктен түтін шығып жатқанын байқауға болады. Тағы бір кадрлардан зиг-щаг түрінде қозғалып, қарсы жолаққа шығып кеткен жүргізушіні көруге болады. Видеолар әлеуметтік желілерде таралған соң полициядағылар осы ереже бұзушылықты тексере бастады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети