Семейден ұшақтар әлемнің барлық бағытына ұшады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейден ұшақтар әлемнің барлық бағытына ұшады

Семейден ұшақтар әлемнің барлық бағытына ұшады. Мұндай мүмкіндік ұшу-қону жолағының қайта қалпына келтірілуіне байланысты пайда болып отыр. Жоба 2016 жылы басталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семей әуежайы қолдануға берілген соң Омбы әуежайымен бәсекелес бола алады. Жақын арада қала тұрғындары Мәскеу, Санкт-Петербург, Түркияға және өзге де қалаларға ұша алады. Қала әкімі Даниял Ахметов әуежайды аралау кезінде жақын арада үлкен борттарды қабылдауға арналған технологиялардың алынатынын айта кетті.

"Бізде кіші борттарды қабылдау үшін барлығы да бар, енді бірнеше жаңа басқыш пен басқа құрылғыларды алу керек. Енді әуежайдың жолақтары мен жарықтандыру бөлігі жақсартылған. Барлығы жақсы, бірақ одан жақсы болғанын әрқашан қалап тұрамыз. Сол себепті ішкі интерьерді өзгерту керек. Компания өз жұмысын бастап та кетті, дизайнерлер шақырылды", - деді аймақ басшысы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети