Семейлік түлек ҰБТ-дан бірде-бір балл ала алмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейлік түлек ҰБТ-дан бірде-бір балл ала алмаған © Тұрар Қазанғапов

Семейлік түлек ҰБТ-дан бірде-бір балл ала алмаған, - деп хабарлайды Altaynews.kz. Семей қалалық білім бөлімінің жетекшісі Наталия Фесенко баспасөз мәслихатында ҰБТ-ның үш кезеңінің қорытындысы бойынша түлектердің орташа көрсеткіші 84,7 балл болғанын мәлімдеді. Алайда, оның айтуынша, қала мектептерінің бірін тәмамдаған оқушы қыз сынақтан бірде-бір балл ала алмаған. 

"Мемлекеттік комиссия мүшесі ретінде тест жұмысын орындамай, уақытын күтіп отырған кейбір балаларды көрдім. Олар ата-анасынан көмек күтіп отырған сияқты. Бірақ сол күйінде көмек келмеген. Әйтпесе 11 жыл мектепте білім алып шыққан қыз сұрақтардың бірде-біреуіне жауап бере алмағанын қалай түсінуге болады?", - деді ол. 

Оның айтуынша, ведомство өкілдері ата-аналарға ұялы телефон мен шпаргалкаға сенудің қажеті жоқ екенін талай ескерткен. 

"Ұялы байланысты тіпті істемеді. Ал өздері сенген шпаргалкалары тәркіленіп, нәтижесінде одан да көмек болмады. Бұл заттардың сұрақтарға дұрыс жауап беру үшін ойлануға, дайындалуға кедергі келтіретіні ғана дәлелденді", - деді Наталия Фесенко.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети