06 ақпан 2023 17:22

Семей әкімдігі қоғамдық көлік жүргізушілерінің наразылығы туралы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Семейде автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартып наразылық ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Семейде автобус жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартып наразылық ұйымдастырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, наразы жүргізушілер жүктемені азайтып, жалақыны көбейтуді талап еткен болатын.

"Автобус жүргізушілерінің жалақысы 40 пайызға дейін көтерілді. Қол жеткізілген уағдаластықтарға қарамастан, бір топ адам автобус паркінен шыққан кезде қозғалысты әдейі жауып тастады", – деп түсіндірді әкімдік.

Автобус паркінің басшылығы жалақы төлеу бойынша қарызы жоқ екенін, ақпаннан бастап жалақыны ұлғайту бойынша есеп айырысулар дайындалғанын хабарлады.

"Семей қаласының әкімдігі дереу әрекет етті, бұзушылыққа жол берген қызметкерлермен әңгіме жүргізді, автобус паркінің басшылығына бұдан былай мұндай бұзушылықтарға жол бермеуге, адамдар тобын қолданыстағы заңнама шеңберінде белгіленген жауапкершілікке тартуға ұсыныстар берді", – делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети