03 сәуір 2020 | 09:51

Семей мен Өскемен тұрғындары түрлі түсті рұқсат қағазын ала бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскемен және Семей тұрғындары қалада қозғалуға мүмкіндік беретін жасыл және ақ түсті рұқсатнама алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Өскемен және Семей тұрғындары қалада қозғалуға мүмкіндік беретін жасыл және ақ түсті рұқсатнама алып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өскемен және Семей қалаларында коронавирусқа байланысты шектеу шаралары күшіне енді. Қалаға кіріп-шығуды бақылау, блокбекет қою, сауда орындарының жабылуы, шаштараз және күнделікті өмірде маңызды нысандардың жұмысын тоқтатудан бөлек, аймақ билігі тағы бір жаңалық енгізіп отыр - 6 сәуірден бастап Өскемен мен Семейде қала тұрғындары тек арнайы рұқсатнамамен жүре алады.

"6 сәуірден бастап жеке көлік қозғалысына шектеу қойылады. Күнтізбедегі жұп күндері көлік нөмірінің соңы жұп сандармен және 0-мен аяқталатын; тақ күндері нөмірдің соңғы саны тақ болып аяқталатын көліктер жүре алады. Сондай-ақ, 6 сәуірден бастап Өскемен және Семей қалаларының аумағында тұрғындар тек рұқсатнамамен жүре алады, - деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғындарға жасаған үндеуінде.

Көпқабатты үйлердің тұрғындарына рұқсатнаманы ПИК беріп отырады және жер үйде тұратындарға Жергілікті өзін-өзі басқару комитеті береді.


Таң атпай ПИК алдында ұзын-сонар кезек тұр.


ПИК қызметкерлері қай үйдің тұрғындары қай уақытта келуі керегін арнайы жазып қойған.

Рұқсатнама аптасына үш рет банкке, дәріханаға және азық-түлік дүкеніне баруға мүмкіндік береді. Ал жасыл рұқсатнамамен жұп күндері, ақ рұқсатнамамен тақ күндері шығуға болады. Кімге қандай түс берілетіні көлік нөмірінің соңындағы санға қарай анықталады. Көлік нөмірінің соңы жұп сандармен аяқталса, жасыл рұқсатнама, ал тақ болса, сәйкесінше ақ рұқсатнама алады.

Егер азаматтың көлігі жоқ болса, ол тұратын үйдің нөміріне қарай жасыл не ақ рұқсатнама алады.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 коронавирусын пандемия деп жариялауына байланысты азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Қазақстанда 16 наурыздан бастап 15 сәуірге дейін төтенше жағдай режимін жариялады.

Еске салайық, Қазақстанда 444 адам коронавирус жұқтырды. Үш адам қаза тапты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети