09 қаңтар 2020 | 14:51

Семей тарихи орталық болады - Тоқаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласына ерекше статус беруді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласында айтылған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласына ерекше статус беруді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысының "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласында айтылған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Биыл Абайдың 175 жылдығына орай халықаралық, республикалық және аймақтық деңгейде 500-ден астам іс-шара ұйымдастырылады. Тамыз айында Семей қаласында ЮНЕСКО-мен бірлесіп өткізілетін "Абай мұрасы және әлемдік руханият" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция ең басты шараға айналады. Сондай-ақ, қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында "Абай және рухани жаңғыру мәселелері" деген тақырыпта халықаралық конференция өтеді. Бұл жиындарда Абайдың тұлғасы мен мұрасы жан-жақты зерделеніп, оның шығармашылығын ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанның игілігіне пайдалануға жол ашылады.

"Семей өңірі - қазақ тарихындағы киелі өлкенің бірі. Сондықтан, елдің рухани дамуында ерекше орны бар Семей қаласын тарихи орталық ретінде белгілеген жөн. Ұлы Абай мен Шәкәрімнің, Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны тамған өңір айрықша құрметке лайық. Осыған орай, шаһарды әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан кешенді түрде дамытып, ондағы тарихи-мәдени нысандарды жаңа талапқа сай жаңғыртамыз. Үкіметке бұл мәселеге байланысты тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын", - делінген Президент мақаласында. 

Мерейтой жылы аясында Абайдың қастерлі мекені - әйгілі Жидебайды абаттандырып, ұлы ақынның рухына тағзым етуге келетін жұртшылыққа қолайлы жағдай жасау қажет.

Сонымен қатар, Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне ерекше көңіл бөліп, ғылыми-танымдық жұмыстармен айналысатын орталыққа айналдыру керек.

Жидебайда музейге арнайы лайықталған "Абай мұрасы" атты жаңа ғимарат салу қажет.

Осыған дейін, депутаттар Семей қаласына ерекше статус беру үшін дауыс берген еді

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети